Орысша|English

Негізгі бет | Қабылдау бөлімі | Сұрақ қою 
    Сайт мәзірі  
 
Негізгі бет

Жаналықтар

Құрылымы

Облыстың ауыл шаруашылығы саласы

Тапсырмалар мен міндеттер

Тарихи анықтама

Статистикалық анықтама

Кадр

Даму бағдарламасы
Мемлекеттік сатып алу

Cұрақ-жауап

Қаулылар, өкімдер, шешімдер, бұйрықтар

 
     
    Басқармалар тізімі  
  Атырау облыс әкімінің аппараты

Денсаулық сақтау басқармасы

Қаржы басқармасы

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Құрылыс басқармасы

Сәулет және қалақұрылысы басқармасы

Ішкі саясат басқармасы

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

Экономики және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Білім басқармасы

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Дене тәрбиесі және спорт басқармасы

Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы

Мәдениет басқармасы

Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма

Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы

Жер қатынастары басқармасы

 
     
 
     

Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы

title


Рысқалиев Сырым Мұратұлы

      Рысқалиев Сырым Мұратұлы, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында 1966 жылы 6 сәуірде дүниеге келген. Отбасылы, екі баласы бар.
      1973 - 1983 жылдар аралығында Махамбет селолық орта мектебінде тәлім алды.
      1984 жылдың 1 қаңтарынан 1984 жылдың 5 мамырына дейін жұмысшы ретінде Махамбет селосы «Казсельхозтехника» мекемесінде жұмыс атқарды.
      1984 - 1986 жылдары аралығында СССР қарулы күштері қатарында екі жыл әскери міндетін өтеді.
      1986 - 1987 жылдың 7 желтоқсанына дейін Махамбет селосы «Жөндеу мекемесінде» автокөлік жүргізушісі болып жұмыс жасады.
      1987 жылы 20 желтоқсаннан 1988 жылғы 25 маусымға дейін Алматы қаласының Қазақ ауыл шаруашылығы институты жанындағы дайындық курсында оқыды.
      1988-1993 жылдары Қазақ ауылшаруашылығы институтында оқыды.
      1993 жылы институтты аяқтап өсімдік қорғау агрономы мамандығымен 13 мамырда Атырау облысы, Махамбет ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас-маман агроном болып қызметке тағайындалды.
      1999 жылы ауыстыру жолымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына маркетингілік және аграрлық саясат бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.
      2002 жылы 28 маусымда Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
      2007 жылы 11 қаңтарда Атырау облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болып тағайындалды.
      2007 жылдың 5 қыркүйегінде Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
      2008 жылдың 25 қаңтарында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
      2008 жылдың 20 қарашасынан бастап Мақат ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.
      2010 жылдың 26 қарашасынан бастап күні бүгінге дейін Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқарма бастығының қызметін атқарады.
      Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен наградталды.



Ауыл шаруашылығы басқармасының құрылу тарихы

      Республиканың ауыл шаруашылығын басқару мақсатында Қырғыз аумағын басқару жөніндегі Әскери революциялық комитеттің жер бөлімі негізінде 1920 жылдың қазан айында Қазақстан Кеңестерінің бірінші съезінде Қырғыз АССР-нің жер шаруашылығы халық комиссариаты құрылды.
      Қыр(Қаз)АССР Наркомземінің төменгі органдары болып губерниялық, уездік, болыстық бөлімдері табылды.
      1922 жылы 13 қарашада губерниялық және уездік жер бөлімдері басқармалар болып қайта құрылды. Бұдан кейінгі жылдары әкімшілік - аумақтық өзгерістерге байланысты жер органдарының жүйесі аумақтық және облыстық атқару комитеттерінің жер басқармаларының және аудандық атқару комитеттерінің жер бөлімдердің қарамағына берілді.
      1937 жылы автономиялық республиканың Наркомземі негізінде одақтық республиканың Халықтық жер комитеті құрылды - Қаз ССР Наркомзем. Оның негізгі міндеті ұжымдық жер шаруашылығын нығайту және социалистік ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту болып табылды.
      Қаз ССР Наркомземінің жергілікті органдары - облыстық және аудандық жер бөлімдері.
Гурьев облысын құруға байланысты Гурьев облысы бойынша Орталық Атқару Комитетінің 1938 жылдың 12 ақпандағы хаттамасының негізінде облыстық бөлімдер, басқармалар, комитеттер мен комиссиялар, соның ішінде Гурьев облысы бойынша ОАК-нің ұйымдастыру комитетінің жер бөлімі, ал 1939 жылдан бастап
      Гурьев облысы бойынша еңбекші депутаттар Советінің Орталық Атқару Комитетінің жер бөлімі құрылды.
Оның басты міндеті - колхоздар мен МТС жұмысына басшылық пен бақылау жасау, сонымен қатар, мемлекетке ауыл шаруашылығы өнімін тапсырудың өндірістік - қаржылық жоспарын орындауды есепке алу.
      1939-1940 жылдары жер органдарының аппараты өндірістік- аумақтық принцип бойынша қайта құрылды.
Мұндай өзгерістер Гурьев облысында да болды, яғни Гурьев облыстық өндірістік- аумақтық ауыл шаруашылығы бойынша басқарма құрылды. Оның құрамында аумақтар мен МТС топтарының тиісті санына қызмет көрсету жөніндегі өндірістік-аумақтық секторлар болды. Сонымен қатар, республиканың басқа облыстарындағыдай,
      Гурьев облыстық жер бөлімінің құрамында мынадай арнайы басқармалар құрылды:
- мал шаруашылығы басқармасы;
- құрамында «Заготконь» кеңсесінің филиалы бар жылқы шаруашылығы басқармасы;
- жерге орналастыру басқармасы;
- құрамында «Племзаконконтора» филиалы бар мал дәрігерлік басқармасы.
- «Госсортфонд» кеңсесімен сорттық басқарма.
      1940 жылы жер комиссиялары ықшамдалып (олар 1922 жылы құрылды), олардың жер дауын шешу функциялары еңбекшілер депутаттары Советінің аудандық және облыстық Орталық Атқару Комитетіне берілді.
      1939-1941 жылдарында өзінің қызмет етуі барысында Гурьев облыстық жер бөлімінің құрылымы мынадай болды:
- жалпы бөлім - жалпы басшылық ;
- бухгалтерия - қаражаттық басшылық ;
- кадрлар бөлімі - қабылдау, жұмыстан шығару, кадрлар дайындау;
- жоспарлау бөлімі - құрастырушы , тексеру , өндіріс жоспарлардың ;
- еңбек және жалақы бөлімі - ақы төлеу және еңбекті ұйымдастыруға басшылық;
- мал шаруашылығы бөлімі - Гурьев облысы ауыл шаруашылығының мал шаруашылығы саласын басқару;
- астық басқармасы- дала жұмыстары, жиын-терін, егістікті күтуді ұйымдастыруға басшылық;
- көкөніс шаруашылығы басқармасы - Гурьев облысының ауыл шаруашылығының көкөніс шаруашылығына басшылық.
      ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен ҚазССР Наркомземі ҚазССр Жер шаруашылығы Министрлігі деп қайта аталды.
ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен ҚазССР Жер шаруашылығы Министрлігі екі министрлікке бөлінді:
- ҚазССР Жер шаруашылығы Министрлігі;
- ҚазССР Мал шаруашылығы Министрлігі.
Осыған байланысты облыстық атқару комитетінің 1946 жылғы 27 шілдедегі № 249 шешімімен Гурьев Облыстық мал шаруашылығы бөлімі құрылды, оның келесідей құрылымы болатын :
- өндірістік - зоотехникалық басқарма ;
- жылқы шаруашылығы басқармасы ;
- асыл тұқымды шаруашылық басқармасы ;
- шалғай аудандардағы мал шаруашылығы басқармасы;
- мал дәрігерлік басқармасы ;
- азық дайындау және жайылымдар бөлімі;
- құрылыс және механикаландыру бөлімі ;
- жоспарлау - экономикалық бөлім ;
- кадр бөлімі ;
- арнайы бөлім ;
- әкімшілік - шаруашылық бөлім.
      ҚазССР 3 министрлігі - жер шаруашылығы, техникалық дақылдар және мал шаруашылығы министрліктерінің қызметі өзінің тиісті жұмысын ақтамады.
      ҚазССР барлық 3 министрлігі -ҚазССР Жоғарғы Кеңесі        Президиумының 1947 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен облыстық және аудандық жер бөлімшелері еңбекші депутаттар Советінің Орталық Атқару Комитетінің ауыл шаруашылығы Басқармасы және аудандық атқару комитеттерінің ауыл шаруашылығы болып қайта құрылды.
      КазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1953 жылғы 23 ақпандағы қаулысы негізінде КазССР ауыл шаруашылығы министрлігі , КазССР мақта шаруашылығы министрлігі, КазССР совхоздары министрлігі, КазССР орман шаруашылығы министрлігі, ҚазССР су шаруашылығы министрлігі бір министрлікке - ҚазССР ауыл шаруашылығы және дайындау министрлігіне біріктірілді.
КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1953 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысы негізінде ҚазССР ауыл шаруашылық және дайындау министірлігі КазССР ауыл шаруашылық министірлігі болып құрылды, ал облыстық ауыл шаруашылығы және дайындық басқармалары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы болып құрылды.
      Ауыл шаруашылығы органдарын әрі қарай қайта құру ҚазССР ауыл шаруашылығы Министрлігін басқару аппаратынан ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ғылыми басшылық органына айналдырумен байланысты болды. 1959 жылы Министрліктің құрамынан су шаруашылығының бас басқармасы шықты, кейінірек оның негізінде ҚазССР тамшылатып суару шаруашылығы Министрлігі ұйымдастырылды.
КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1960 жылғы 2 қаңтардағы қаулысымен ҚазССР совхоздар Министрлігі құрылды. Бір жылдан кейін КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1960 жылғы 21 наурыздағы қаулысы негізінде ҚазССР совхоздар Министрлігі ықшамдалды. Осы кезде совхоздарды басқару үшін КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1960 жылғы 11 наурыздағы қаулысымен ҚазССР Министрлер Кеңесінің жанынан совхоздардың Бас Басқармасы құрылды.
       ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1961 жылғы 3 мамырдағы № 301 Жарлығымен ҚазССР ауыл шаруашылығы құрамындағы Гурьев облысының совхоздары совхоздардың Бас Басқармасына берілді.
ҚазССР Министрлер Кеңесінің 1961 жылғы 22 маусымдағы № 437 Жарлығымен басқа облыстардағыдай ҚазССР Министрлер Кеңесінің жанындағы совхоздардың Бас Басқармасына бағынышты Гурьев облыстық совхоздар басқармасы құрылды.
      КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1962 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен ҚазССР Министрлер Кеңесінің жанынан совхоздардың Бас Басқармасы және ҚазССР дайындау Министрлігі құрамында астық және май дақылдарын қабылдау, сақтау және өңдейтін шаруашылық есептегі «Казхлебпродукт» республикалық бірлестігі бар ҚазССР ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және дайындау Республикалық Министрлігі құрылды.
       Осыған байланысты бұрын құрылған ауыл шаруашылығы басқармалары ықшамдалды.
       ЦК КПСС және СССР Министрлер Кеңесінің 1962 жылғы 22 наурыздағы № 267 Жарлығының негізінде КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1962 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен республикада 61 аумақтық және 8 аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындайтын совхоздық, совхоз- колхоздық, колхоз- совхоздық басқармалар құрылды.
Тек қана Қызылорда және Гурьев облыстарында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындау жөніндегі басқармалар құрылды.
      1962 жылы 11 қазандағы Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің және ҚазССР министрлер Кеңесінің қаулысымен республикадағы 61 аумақтық және 8 аудандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және дайындайтын совхоздық, совхоз- колхоздық, колхоз- совхоздық басқармалардың орнына 122 аумақтық өндірістік басқарма құрылды.
      КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1965 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ҚазССР ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жіне дайындау Министрлігі мен КазССР ауыл шаруашылық министірлігінің негізінде бірыңғай Кеңестік -республикалық ҚазССР ауыл шаруашылығы министрлігі құрылды. Бұдан ертерек, ҚазССР министрлер Кеңесінің 1965 жылғы 22 ақпандағы № 148 қаулысымен аумақтық өндірістік басқармалар аудандық өндірістік басқармалар болып құрылды, ал Гурьев облысының Махамбет аумақтық өндірістік басқармасы ауданаралық өндірістік басқарма болып құрылды, оған Махамбет және Балықшы әкімшілік аудандарының совхоздары мен колхоздарына басшылық жүктелді. Аудандық өндірістік басқармалардың қызметі
      1969 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты. КазССР Жоғарғы Кеңесін Президиумының 1969 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен еңбекші депутаттар Советінің аудандық атқару комитеттерінің ауыл шаруашылығы басқармалары құрылды.
      Атырау облысы ауыл шаруашылығы департаментінің Ережесі мен құрылымы облыстық әкімияттың 2006 жылғы 20 ақпандағы №54 қаулысымен бекітілді.
 
Мекен - жайы:
060010. Атырау қаласы. Әйтеке би көшесі, 77.

Тел: 355031, факс: 354590. e-mail: atyrauagro @ ru



      Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 11 сәуірдегі №94 санды қаулысымен «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы департаменті» мемлекеттік мекемесі «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталған. Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігі № 6978-1915-ММ 2008 жылы 24 сәуірде берілген.

 

 
 
    Президент  
   
     
    Атырау облыс әкімі  
 

Құрметті Ханымдар мен мырзалар! Атырау облысының сайтында кош келдініз.

 
     
     
   
     
    Е-үкімет  
   
     
Генерация: 0.054 сек. және 7 запросов к базе данных за 0.007 сек.
Powered by SLAED CMS © 2005-2007 SLAED. All rights reserved.